ПОДЕЛИТЬСЯ
31 тамыз 2022 | 08:12
Беларусь тиктокері Лукашенконы қорлаған видеосы үшін сотталды
45 жастағы TikTok блогері Андрей Белявский ел президенті Александр Лукашенконы балағаттады деп айыпталып, жалпы режимдегі колонияда жазасын өтеуге екі жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бобруйск қаласындағы сот 22 тамызда жабық режимде өтті.
2022 жылдың 20 және 26 қаңтарында Белявский TikTok әлеуметтік желісінде Александр Лукашенконы қорлаған екі видео жариялаған.
Ер адам 28 сәуірде өзінің "Velosportmeister" велосипед дүкенінде ұсталды. Ол өзімен бірге кәмелетке толмаған баласын алып кеткен. Кейінірек баланы атасы мен әжесіне берді.
Сот барысында блогер өз кінәсін толық мойындады. TikTok блогерінің телефоны қылмыс құралы ретінде тәркіленді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также