1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Беларусьпен шекарада поляк сарбазы жараланды

Беларусьтен келген заңсыз мигранттар шекараға шабуыл жасаған кезде поляк сарбазы жараланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА

Фото ©REUTERS

Беларусьтен келген заңсыз мигранттар шекараға шабуыл жасаған кезде поляк сарбазы жараланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Бүгін Черемши ауданындағы поляк-белорус шекарасы учаскесінен 55 адам шекараны кесіп өтті. Поляк әскерінің бір сарбазына тас тиді. Сол жерде оған көмек көрсетілді", - делінген хабарламада.

Шекара күзетінің өкілі Анна Михалскаяның айтуынша, мигранттар тобы шекарадан өткен. "Осыдан кейін олардың бәрі ұсталып, шекара сызығына жеткізілді", - деді ол.

Жыл басынан бері Польша шекарашылары Беларусь шекарасынан заңсыз өтуге тырысқан 40 мыңға жуық деректі тіркеген. Бұл былтырғымен салыстырғанда он есе көп. Қарашада 8,9 мыңдай, қазанда – 17,4 мың, қыркүйекте – 7,7 мың, тамызда 3,5 мыңдай әрекет анықталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!