19 мамыр 2021 17:41

Беларусьте әскери ұшақ құлады

Видеодан алынған кадр

Беларусьте  әскери ұшақ апатқа ұшырады. Ондағы екі ұшқыш та қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Беларусьте  әскери ұшақ апатқа ұшырады. Ондағы екі ұшқыш та қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Апат Барановичи маңында болғаны хабарланды.

"Оқу-жаттығу ұшу кезінде экипаж техникалық ақаудың барын анықтады. Ұшқыштар ерлік пен батырлық көрсете отырып, ұшақты елді мекеннен алып кетуге тырысты. Ұшақтың құлау траекториясы тұрғын үйлерден алыс екеніне көз жеткізгеннен кейін олар катапульталанды.

Өкінішке қарай, екі ұшқыш та қаза тапты", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Бортта 116-ншы оқу-жауынгерлік эскадрилья бөлімінің командирі майор Ничипорчик Андрей Владимирович және лейтенант Куканенко Никита Борисович - 116-ншы оқу-жауынгерлік эскадрилья ұшқышы болған.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram