Беларусьте бірнеше Telegram-арнаның әкімшісі жалған ақпарат таратқаны үшін кешірім сұрады

Фото ©REUTERS

Беларусьте бірнеше Telegram-арнаның әкімшісі деструктивті ақпарат таратқаны үшін видеоүндеу арқылы кешірім сұрады. Видео ІІМ-нің YouTube-арнасында жарияланды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Беларусьте бірнеше Telegram-арнаның әкімшісі деструктивті ақпарат таратқаны үшін видеоүндеу арқылы кешірім сұрады. Видео ІІМ-нің YouTube-арнасында жарияланды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Видео кадрларында билікке қарсы деструктивті ақпарат жариялаған 1992 жылғы ер адамның "Хата Белсата", "Денисовская 6", "Серый кот" арнасының әкімшісі болғаны айтылады.

"Мен жасаған әрекеттерім үшін өкінемін", - деді ол.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін Беларусь тергеу комитеті Польшаға NEXTA Telegram-арнасының негізін қалаушылар Степан Путило мен Роман Протасевичті экстрадициялау туралы өтініш жіберген еді.

Беларусьте президент Александр Лукашенконың отставкаға кетуін және жаңа сайлау өткізуді талап етіп жаппай наразылықтар өтіп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама