27 ақпан 2022 | 14:02

"Беларусьте емес". Зеленский Ресеймен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Ресей делегациясы Украинамен келіссөз жүргізу үшін Беларуське келді. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресей делегациясы Украинамен келіссөз жүргізу үшін Беларуське келді. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Келісімге сәйкес, құрамында Сыртқы істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі және басқа да ведомстволардың, соның ішінде Президент әкімшілігі өкілдері бар ресейлік делегация Украинамен келіссөз жүргізу үшін Беларуське келді. Біз бұл келіссөздерді Гомельде жүргізуге дайынбыз", - деді Песков журналистерге.

"Ресей тарапы Гомельдегі келіссөздерге дайын, енді украиндарды күтіп отырмыз", - деді Песков.

Реклама
Реклама

Украина президенті Владимир Зеленский өз кезегінде Беларусь халқына видеоүндеу жасады. Ол Ресеймен келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеді, бірақ Беларусьте емес.

"Варшава, Ыстамбұл, Баку. Келіссөздер жүргізу үшін Ресейге осы қалаларды ұсындық немесе Украинаға зымыран ұшпайтын кез келген басқа қалада", - деді Украина президенті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная