Беларусьте картоп ескерткіші жұртты күлкіге қарық қылды

Беларусьте картоп ескерткіші жұртты күлкіге қарық қылды Фото: zerkalo.io

Беларусьтің Узденск ауданында картоп ескерткіші орнатылды. Ол желі қолданушыларының күлкісін келтірді, - деп хабарлайды Lenta.

Беларусьтің Узденск ауданында картоп ескерткіші орнатылды. Ол желі қолданушыларының күлкісін келтірді, - деп хабарлайды Lenta.

Ескерткіштің суреті беларусьтік Zerkalo порталында пайда болды. Мүсінде бір себет картоп бейнеленген, ол биік тұғырға қойылған. Онда картоп елде XVII ғасырда пайда болғаны жазылған.

"ВКонтакте" қолданушылары ескерткіштің пішіні туралы әзілдеп жатыр. Комментаторлардың бірі мүсін оған "Кин-дза-дза" фильміндегі ғажайып пепелац ұшағын еске түсіргенін жазды. Тағы бір қолданушы "Бұл "суретші" бұрын картоп себетін көрген бе?" деп сұрады. Картоп себетте тұрып шіріп, бір-біріне жабысып қалған деп әзілдегендер де болды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама