Беларусьте наразылық шарасына шыққандар қоқыс қалдырмау үшін өзімен бірге пакет алып шықты және орындықтарды ластамау үшін аяқ киімін шешті. Сондай-ақ олар шахмат ойнап, ән айтты, "Мы есть любовь" деген жазуы бар плакат ұстап, омондықтарға гүл сыйлады, супер қаһармандардың киімін киіп, тамақ таратты. Халықтың мәдени іс-әрекеті туралы Meduza басылымы жазды.
Бұған дейін Беларусь президенті Александр Лукашенко наразылық шарасына шыққандарды "қойға" теңеп, оларды басқа елдерден біреулер басқарып отыр дегенді айтты. Сондай-ақ ол олардың көбі "бұрын істі болғандар және бүгін жұмыссыз жүргендер" деп атады.
Еске салайық,
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!