ПОДЕЛИТЬСЯ
27 ақпан 2022 | 13:02
Беларусьте референдум басталды
Жексенбіде таңертең Беларусьте конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумға арналған сайлау учаскелері ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жексенбіде таңертең Беларусьте конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумға арналған сайлау учаскелері ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Беларусь конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум 27 ақпанда өтеді. Мерзімінен бұрын дауыс беру 22 ақпанда басталып, 26 ақпанға дейін жалғасты.
Ел бойынша сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 8.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 11.00) ашылып, 20.00-ге дейін жұмысын жалғастырады. Беларусьте барлығы 5510 сайлау учаскесі жабдықталған, онда ел азаматтары референдумға қатыса алады. ОСК мәліметінше, референдумға қатысушылардың тізіміне 6 818 948 адам енгізілген.
Референдумда шетелде сайлау учаскелерін ашпау туралы шешім қабылданған. Беларусь Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, шетелдік консулдық есепте тұрған азаматтардың аздығынан, ол елдердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, сондай-ақ елдер билігі тарапынан учаскелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету белгісіз болғандықтан учаскелер ашылмаған.
Референдумның әрбір қатысушысы бюллетеньдегі бір ғана сұраққа жауап береді: "Сіз Беларусь Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?" Референдумға қатысушылар тиісінше "жақтаймын" немесе "қарсымын" деген екі жауаптың бірін таңдайды.
Соңғы мәлімет бойынша, референдумда 45 мыңға жуық ұлттық байқаушы, 200-ге жуық халықаралық және шетелдік - ТМД, ШЫҰ, ҰҚШҰ ПА, ТМД елдерінің ОСК өкілдері, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар, соның ішінде ЕО-дан жұмыс істейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также