Беларусьте Telegram-чат әкімшісі 2 жылға сотталды

Фото: tut.by Фото: tut.by

Беларусьте Telegram-чат әкімшісі көлік қозғалысын бұғаттау туралы нұсқау бергені үшін екі жылға бас бостандығынан айырылып, күшейтілген режимдегі колонияға жіберілді, - деп хабарлайды БЕЛТА.

Беларусьте Telegram-чат әкімшісі көлік қозғалысын бұғаттау туралы нұсқау бергені үшін екі жылға бас бостандығынан айырылып, күшейтілген режимдегі колонияға жіберілді, - деп хабарлайды БЕЛТА.

Ол қоғамдық тәртіпті өрескел бұзатын, билік өкілдерінің заңды талабына бағынбайтын және көлік пен кәсіпорындар жұмысына кедергі келтіретін әрекетті ұйымдастырды деп айыпталған.

"Сотта айыпталушының 2020 жылғы 31 тамыз бен 30 қазан аралығында "Минск. Перекрытие дорог. Чат" Telegram-чатында көлік қозғалысын бұғаттау туралы нұсқаулықтары бар жазба жариялағаны анықталды. Ол заңсыз әрекет ұйымдастыру үшін адамдарды тартумен айналысып, оларды тікелей басқарды", - деді агенттік өкілі.

Реклама
Реклама

Ақпанда Беларусьте ұсталған бірнеше Telegram-арналарының әкімшісі "деструктивті" ақпарат жариялағаны үшін өкінетінін айтып үндеу жасады. Ол "Хата Белсата", "Денисовская 6", "Серый кот"-арналарының әкімшісі болғанын, онда "билікке қарсы деструктивті ақпарат" жариялағанын айтты.

2020 жылы Беларусьте бірнеше ай бойы президент Александр Лукашенконың отставкаға кетуін және жаңа сайлау өткізуді талап ететін жаппай наразылықтар өткен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная