Беларусьтегі наразылық шаралары кезінде 300 адам ұсталды

© tutby.gcdn.co

Беларусь астанасы Минскіде рұқсат етілмеген іс-шараларда 300-ден аса адам ұсталды, - деп хабарлайды Tut.by.

Беларусь астанасы Минскіде рұқсат етілмеген іс-шараларда 300-ден аса адам ұсталды, - деп хабарлайды Tut.by.

Дереккөз мәліметінше, жексенбілік наразылық шарасы осымен 18-ші рет өткен. Оған шамамен 800 адам қатысқан.

"13 желтоқсанда сағат 12-ден бастап Минскінің түрлі ауданында бір топ адам жиналды (жалпы олардың саны 800 адамнан асқан жоқ). Оларда тіркелмеген символика болды.

Рұқсат етілмеген іс-шараларға қатысушыларға бірнеше рет ескерту жасалды. Талапты орындамаған және наразылықтағы ең белсенді тұрғындар ұсталды", - делінген қалалық полиция таратқан хабарламада.

Реклама
Реклама

Беларусьтегі тәртіпсіздік: оқиға қалай басталды?
 
Минскте іс-шаралар туралы заңнаманы бұзғаны үшін 300-ден аса адам ұсталған. Олар Беларусь Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 23.34-бабы, 23.4-бабы бойынша сонымен қатар, Ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талабына бағынбағаны үшін жауап тартылған.

Ұсталғандардың кейбірі осыған дейін рұқсат етілмеген іс-шараларға қатысқаны үшін жауапқа тартылған. Ал кейбір тұрғын құқық қорғау органдарының талабына бағынбаған.

Айта кетейік, 9 тамызда Беларусьте президент сайлауы өтіп, оның соңы тәртіпсіздіктерге ұласқан еді.

"Сегіз күнде 2 адам өлі табылды". Беларусьтегі жаппай тәртіпсіздік

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама