17 тамыз 2020 | 09:11

Беларусьтегі наразылықтың 8-күні: Лукашенко жақтастары мен оппозицияның митингі

© Reuters

16 тамызда Минскіде екі түрлі митинг өтті: бірінде Беларусьтің қазіргі президенті Александр Лукашенконың жақтастары жиналса, екіншісінде оппозиция жиналған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

16 тамызда Минскіде екі түрлі митинг өтті: бірінде Беларусьтің қазіргі президенті Александр Лукашенконың жақтастары жиналса, екіншісінде оппозиция жиналған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Біріншісінде, елдің ІІМ мәліметінше, 65 мыңға жуық адам қатысқан. Ал екіншісіне, түрлі болжам бойынша, қатысушылар саны 100 мың мен 200 мың аралығында болған. Қақтығыстар мен жаппай ұстау туралы ақпарат түспеген. 

Реклама
Реклама

Беларусьтегі тәртіпсіздік: оқиға қалай басталды?

Лукашенконың жақтастарының митингі Үкімет үйінде болған. Ол жерде президенттің өзі 30 минут сөз сөйлеген. Ол сайлау өткенін және 80 пайыз дауыс жалған болуы мүмкін емес екенін айтқан. 

Әкесіне қолдау білдіру үшін президенттің кенже ұлы Николай да келген. 

© РИА Новости

Үкіметтік акция аяқталғаннан кейін "Минск - город-герой" стелласының маңында оппозиция тарапының митингі басталды. Оған, ОСК мәліметі бойынша, өткен сайлауда екінші орын алған Светлана Тихановскаяның жақтасы Мария Колесникова да қатысқан. Ол беларусьтердің таңдауы ұрланғанын, алайда "оларды алдап соғу мүмкін емес екенін" айтқан. 

Жергілікті уақыт бойынша сағат 17:30-да (Нұр-Сұлтан бойынша 20:30-да) адамдар орталыққа бет алған. 

Мыңдаған адам Жеңіс даңғылымен және Свислочь өзенінің жағалауымен жүріп өткен, полиция өкілдері оларға тиіспеген. 

Артынша жергілікті халық Тәуелсіздік алаңына жиналған. Адамдар қолына түрлі лозунг ұстап шыққан. 

© Reuters

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная