09 тамыз 2020 15:31

Беларусьтегі сайлау: Тихановская командасынан 7 адам ұсталды

Сурет: tut.by

Беларусь президенттігіне үміткер Светлана Тихановскаяның штабынан жеті адам кеше және бүгін ұсталды. Бұл туралы TUT.by мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Беларусь президенттігіне үміткер Светлана Тихановскаяның штабынан жеті адам кеше және бүгін ұсталды. Бұл туралы TUT.by мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үміткердің баспасөз хатшысы Анна Красулина хабарлаған ақпарат бойынша, 9 тамызда таңертең штаб басшысы Мария Мороз, кандидаттың сенімді тұлғалары Олег Моисеев, Татьяна Каневская, Юрий Власов, Андрей Смоленчук 15 тәулікке ұсталды, Гроднодағы сенімді тұлға Дмитрий Тит байланысқа шықпай жатыр, Гроднодағы сенімді тұлға Павел Мельковский 5 тәулікке сотталды, оның 100 мың парақшасы бар көлігі тәркіленді. Кеше ұсталған команда мүшесі Антон Сташевский Тергеу комитетіне ауыстырылды.

Реклама
Реклама

"Өкінішке қарай, олардың көпшілігі туралы ақпарат ала алмай отырмыз - олар қайда екені, қалай ұсталғаны және басқа", - деп атап өтті штаб өкілі.

Еске салайық, Беларусьте президент сайлауы өтіп жатыр. 10.00-де сайлаушылар көрсеткіші 45,55 пайызға жетті. Сайлауда қазіргі президент Александр Лукашенко дауыс беріп қойды.

9 тамыз - Беларусь президенті сайлауындағы негізгі дауыс беру күні. Бұған дейін елде мерзімінен бұрын дауыс беру өткен, төрт күн ішінде сайлаушылар көрсеткіші (ОСК мәліметі бойынша) 32,24 пайызға жетты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram