ПОДЕЛИТЬСЯ
12 тамыз 2020 | 09:48
Беларусьтегі тәртіпсіздік: арнайы жасақ үйлердің кіреберісіне шабуыл жасады
Бүгін түнде Минск және Беларусьтің басқа қалаларында президент сайлауының нәтижесіне қарсы жаппай наразылық шарасы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін түнде Минск және Беларусьтің басқа қалаларында президент сайлауының нәтижесіне қарсы жаппай наразылық шарасы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Наразылық акциясы кезінде елде интернет өшірілді. Оқиға орнынан хабарды жергілікті және ресейлік БАҚ, Telegram-каналдар таратты.
Президенттікке үміткер Светлана Тихановская Беларусьтен кетіп қалды
Мыңдаған оппозиция өкілі ұлттық тумен көшеге шығып, жұмылған жұдырықтарын жоғары көтерді. Кейбір жерлерде адамдар жолды жауып, бөгет тұрғызды.
БАҚ мәліметінше, Беларусьтің арнайы жасағы (ОМОН) көшелер мен даңғылдардағы наразы топты ығыстырып жатыр. Олар адамдарға қарсы граната пайдаланып, резіңке оқтармен атқан. Қарапайым тұрғындар арнайы жасаққа тас лақтырған.
Sputnik Беларусь агенттігінің мәліметінше, Минскідегі Рокоссовский алаңында арнайы жасақ (ОМОН) үйлердің кіреберісіне шабуыл жасаған. Олар наразы топтың мүшелерін іздеген. Оған дейін Telegram-каналдарда Минскідегі үйлердің домофон кодтары жазылған тізім жарияланыпты.
Гродно қаласында әскери көлік жеңіл автомобильді соққан. "Наша нива" басылымының мәліметіеше, көлікте бір отбасы мен балалар болған. Салдарынан 5 жасар қыз зардап шеккен. Көліктің ішінде отырған ер адамды құзырлы орган өкілдері ұстап әкеткен.
Тихановская Беларусь халқын көшеге шықпауға шақырды
Минскіде арнайы жасақ (ОМОН) қызметкерлері қарусыз адамдарды резіңке оқтармен атқан. Олар бұталардың арасында жасырынған жастарды тапқан. Кейін жастарды аялдамаға отырғызып, оларға оқ атқан. Бұл туралы Telegram-дағы Baza каналы хабарлады.
Беларусь астанасының басқа ауданында арнайы жасақ (ОМОН) көпқабатты үйдің жоғары қабатынан есікті лақтырып жіберген. Олар онда бір жігітті ұрған. Сондай-ақ, әскери құрылым өкілдері тұрғын үйдің терезелеріне оқ атқан. Тұрғындар "ұят" деп айғайлаған.
Беларусьтегі тәртіпсіздік: ұсталған және зардап шеккендер туралы ақпарат шықты
Әлеуметтік желіде видеолар жарияланды. Онда ГАИ қызметкерлері жүргізушілерді аяғымен ұрып жатқанын көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, ГАИ қызметкерлері жүргізушілерді көліктен алып шығып, оларды ұра бастаған.
Содан құқық қорғау органдары наразы топты күшпен тарқатып жіберген. Қазіргі таңда жағдай олардың бақылауында. Көшелерде адамдар мен көлік аз. Президент сайлауының нәтижесін мойындамаған топ наразылық шарасын ары қарай жалғастыратынын айтады.
"Біз күн сайын наразылық акциясына шығамыз", - делінген Telegram-дағы "Мая краiна Беларусь" каналында.
Айта кетейік, 9 тамызда Беларусьте президент сайлауы өтіп, соңы тәртіпсіздікке ұласқан болатын. Оппозиция президент сайлауының нәтижесін мойындамай отыр. Беларусь орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, бұл сайлауда қазіргі президент Александр Лукашенко 80 пайыздан аса дауыс жинаған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также