Беларусьтің Ұлттық банкі қайта қаржыландыру мөлшерлемесін өсірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото:facebook.com/press.nbrb

Беларусьтің Ұлттық банкі қайта қаржыландыру мөлшерлемесі өскенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Беларусьтің Ұлттық банкі қайта қаржыландыру мөлшерлемесі өскенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банктің баспасөз қызметінің мәліметінше, мөлшерлеменің өсуі қаржылық тұрақтылықты сақтауға және инфляцияны шектеуге бағытталған, сонымен қатар, бұл жағдай бірқатар батыс елдерінің Ресейге қарсы санкциялары аясында болып отыр.

"Ұлттық банк басқармасы 1 наурыздан бастап қайта қаржыландыру мөлшерлемесін жылдық 12 пайызға дейін, овернайт кредиті бойынша мөлшерлемені жылдық 13 пайызға дейін, овернайт депозиті бойынша мөлшерлемені жылдық 11 пайызға дейін өсіру туралы шешім қабылдады", - делінген банк сайтындағы хабарламада.

Реклама
Реклама

Ескерту: Беларусьтегі қайта қаржыландыру мөлшерлемесі - Ұлттық банк экономикадағы пайыздық мөлшерлеме деңгейін реттейтін құрал. Пайыздық саясат жүргізудің мақсаты - инфляция деңгейіне әсер ету. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер несие беруді қиындатады және банк клиенттерін үнемдеуге, аз жұмсауға итермелейді, нәтижесінде ішкі сұраныс азаяды. Сонымен қатар, пайыздық мөлшерлеме өсуі инфляцияны баяулатады.
 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная