Бельгияда психологиялық орталықтың емделушісі жеті дәрігерді пышақтап тастады

© ЕРА

Бельгияда психологиялық орталықтардың бірінің емделушісі жеті адамды пышақтады, - деп хабарлайды Вести.Ru. Екі адам ауыр жағдайда жатыр.

Басылымның мәліметінше, оқиға дүйсенбі күні кешке болған. Бес жасынан бері осы орталықта емделіп жатқан 19 жастағы жігіттің медициналық мекемеге пышақпен келгені анықталды. Оған сыртқа шығып жүруге рұқсат берілген екен. Емделуші өзінің дәрігерлеріне пышақ ала жүгірген.

Айта кетейік, жігіт бірнеше сағаттан кейін ата-анасының үйінде ұсталды. Оның бұл әрекетке не себепті барғаны әзірше белгісіз.

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама