Белгілі актер оқушы кезінде Канаданың қазіргі премьерін достарымен жабылып ұрғанын айтты

Джастин Трюдо © Газета.ру

"Достар" сериалымен танымал бол?ан америкалы? ж?не канадалы? актер Мэтью Перри мектеп кезінде Канаданы? ?азіргі премьері Джастин Трюдоны спортта?ы жетістіктері ?шін ?ыз?анып, ?р?аны туралы айтып берді, - деп хабарлайды РИА Новости

"Достар" сериалымен танымал болған америкалық және канадалық актер Мэтью Перри мектеп кезінде Канаданың қазіргі премьері Джастин Трюдоны спорттағы жетістіктері үшін қызғанып, ұрғаны туралы айтып берді, - деп хабарлайды РИА Новости

Джимми Киммелдің ток-шоуында актер болашақ премьермен бастауыш мектепке бірге барғанын айтады. Ол кезде Трюдоның әкесі - Пьер Эллиот Трюдо Канада премьері болған. 

"Менің досым Крис Мюррей, біздің Джастин Трюдоны ұрғанымызды есіме салды. Трюдо спортта біз жете алмаған жетістіктер көрсеткен. Бұл таза қызғаныш еді. Мен мұнымен мақтанып тұрғаным жоқ. Бұл дұрыс емес. Мен ақымақ болдым", - дейді Перри.

Реклама
Реклама

Бағдарлама жүргізушісі "кіші Трюдоның қорғаушылары болмады ма?" деген сұрақ қойды. Перри болмағанын және Трюдо сол төбелестер арқасында қазіргі жетістіктеріне жетіп отыр деп жауап берді. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама