Белгілі рэпер Тимати ауруханаға жатқызылды

© L!FE

Ресейлік белгілі рэпер Тимур Юнусов (Тимати) М?скеуді? ?здік ауруханаларыны? біріне жат?ызылды, - деп хабарлайды L!FE.

Ресейлік белгілі рэпер Тимур Юнусов (Тимати) Мәскеудің үздік ауруханаларының біріне жатқызылды, - деп хабарлайды L!FE.

33 жастағы әнші денсаулығына шағымданып барған. Ол жерде әнші кардиолог пен терапевтке қаралды. 

Реклама
Реклама

Басылымның жазуынша, Тимати ауруханаға Geländewagen көлігімен келген. Ал оның оққағарлары әнші жатқан палатаны күзетіп отыр. 

Ал әншінің PR-менеджері Мария Кобелева Тимати жыл сайынғы жоспарлы тексеруден өтіп жатқанын айтады. 

"Әртістердің уақыты тығыз, үлкен ауыртпалық түседі. Сондықтан олар уақытында денсаулығын түзеу үшін жыл сайын тексеріледі", - дейді Кобелева. 

Менеджер әншінің денсаулығы жақсы және жақын арада жұмысына қайта оралатынын айта кетті. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама