23 мамыр 2022 | 07:54

Бельгияда маймыл шешегіне байланысты карантин жарияланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: ©REUTERS

Бельгия маймыл шешегіне байланысты карантин жариялады, - деп хабарлайды Daily Mail басылымы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бельгия маймыл шешегіне байланысты карантин жариялады, - деп хабарлайды Daily Mail басылымы.

Бельгияда маймыл шешегінің 3 жағдайы тіркелгеннен кейін елдің денсаулық сақтау органдары 21 күндік карантин енгізді, ал жұқтырған науқастар енді 3 апта бойы өзін-өзі оқшаулауға мәжбүр. Науқастармен байланыста болған адамдар әлі оқшауланған жоқ, бірақ оларға ауру белгісі байқалғанда дереу хабарлауға шақырды.

Айта кетейік, маймыл шешегі Ұлыбританияда, Испанияда, АҚШ-та және Португалияда тіркелген болатын.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) өкілдері Ұлыбританияға келген адамдар арасында маймыл шешегінің таралу қаупін бағалаған еді. Ал Перу үкіметі маймыл шешегі өршуіне байланысты дабыл қақты.

Маймыл шешегі адамдарға жануарлардан беріледі. Бұл - 1970-жылдары Конго Демократиялық Республикасында тіркелген сирек кездесетін вирусты зооноз ауруы. Симптомдарына бас ауруы және тері бөртпелері жатады. Бөртпе беттен басталып, дененің қалған бөлігіне таралады.

Еске салайық, бұған дейін маймыл шешегі адамға жұғуына байланысты ДДСҰ түсінік бергені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная