ПОДЕЛИТЬСЯ
20 желтоқсан 2021 | 08:23
Белгілі әнші 53 жасында коронавирустан қайтыс болды
Әлемге әйгілі Il Divo квартетінің вокалисі Карлос Марин 53 жасында коронавирустан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әлемге әйгілі Il Divo квартетінің вокалисі Карлос Марин 53 жасында коронавирустан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.
"Досымыз және серіктесіміз Карлос Мариннің қайтыс болғанын хабарлаймыз. Оның орны әрқашан ойсырап тұрады. Карлос сияқты дауыс, рух ешқашан болмайды. 17 жыл бойы төртеуіміз Il Divo деп аталатын керемет топта бірге болдық. Досымызды сағынамыз", - деп жазды Twitter-де топтың басқа мүшелері Урс Булер, Себастьен Изамбар және Дэвид Миллер.
Испан баритоны Манчестер корольдік ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Ол вакцина алған, бірақ желтоқсанның басында COVID-19 жұқтырып, кейінірек жоспарлы комаға жатқызылған.
Карлос Марин. © twitter/ildivoofficial
Карлос Марин өзінің алғашқы альбомы "Кішкентай Карузо" шыққан кезде, яғни сегіз жасында карьерасын бастады. Кейін Нидерландыда Маринды дәл осылай атай бастады. Әнші Альфредо Краус пен Монтсеррат Кабальермен бірге оқып, опера сахнасында сәтті өнер көрсетті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также