1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Белгісіз біреу Оңтүстік Корея шекарасын бұзып, Солтүстік Кореяға өтті - БАҚ

1 қаңтарда белгісіз біреу Канвондо провинциясының шығыс бөлігіндегі кедергілерді кесіп өтіп, Оңтүстік Кореядан Солтүстік Кореяға қашып кетті,

Фото ©️ REUTERS

1 қаңтарда белгісіз біреу Канвондо провинциясының шығыс бөлігіндегі кедергілерді кесіп өтіп, Оңтүстік Кореядан Солтүстік Кореяға қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.

Ренхап агенттігі мәліметінше, арнайы құрал сенбіде сағат 21.20-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 18.20-да) демилитаризацияланған аймақта адамның бар-жоғын тексерген. Оның жеке басы туралы деректер белгісіз.

"Оны ұстап алу үшін әскери күштер жіберілді. Операция кезінде демилитаризацияланған аймақта белгісіз адам әскери демаркация сызығынан (КХДР мен нақты шекара - Ескерт.) шамамен 22.40-та (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19.40) өткені анықталды. Ол солтүстікке қашып кетті", - деп келтірді агенттік Корея Республикасы Штаб бастықтарының біріккен комитеті өкілінің сөзін.

Жексенбі күні таңертең Оңтүстік Корея әскери күштері КХДР-ға Шығыс әскери корейаралық байланыс желісі арқылы болған оқиға туралы хабарлама жіберген. Солтүстік Корея әскери күштері тарапынан арнайы әрекеттер жасалмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!