Белсенділер лас ауа өкпеге қалай әсер ететінін көрсетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: themayor

Польшада Polish Smog Alert экологиялық бірлестігінің белсенділері лас ауаның өкпеге зиян екенін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі TheMayor сайтына сілтеме жасап.

Польшада Polish Smog Alert экологиялық бірлестігінің белсенділері лас ауаның өкпеге зиян екенін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі TheMayor сайтына сілтеме жасап.

Белсенділер қаланың басты көшесіне ауамен "дем алатын" өкпенің екі метрлік интерактивті моделін орнатқан, ол оның ластанғаны бетіне шығып тұрады. Қондырғы орнатқан кезде ақ болған, екі аптадан кейін ол қоршаған ортадағы ластаушы заттарға байланысты сұр немесе тіпті қара болып кеткен.

Белсенділер тұрғындардың назарын экологиялық проблемаға аудару үшін мүсінді 41 қалаға орнатуға шешім қабылдады.

Реклама
Реклама

"Біз науқанның нәтижелі болатынына сенімдіміз. Тұрғындар күн сайын өкпелерінің қара түске айналғанын көргенде, ауа сапасы маңызды екенін түсіне бастайды. Біз дем алатын лас ауа денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Науқан аясында біз ауа сапасы өлшенбейтін және адамдар оның жағдайы туралы ештеңе білмейтін аймақтарды қамтуға тырыстық", - деді бастаманы ұйымдастырушы Магдалена Козловска.

Науқан Польшада қарашаның ортасында басталып, ауа сапасына кері әсер ететін жылыту маусымының басталуымен тұспа-тұс келді. Қайырымдылық акциясының мақсаттарының бірі - ауаны ластайтын жылыту құрылғыларын ауыстыру үшін субсидиялар туралы халықты ақпараттандыру.

Бұрын Польша қалаларында өнердің көмегімен ауаны түтін мен зиянды шығарындылардан тазарту идеясы пайда болды. Суретшілер үйлердің қасбеттеріне граффитилерді сіңіретін бояумен сурет сала бастады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная