ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 13 ақпан 2017 11:58
Бердімұхамедов Түрікменстан президенті болып қайта сайланды
Түрікменстанның қазіргі басшысы Гурбанғұлы Бердімұхамедов Түрікменстан президенті болып қайта сайланды, - деп хабарлайды РИА Новости Орталық сайлау комитетінің алдын ала мәліметтеріне сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, Гурбанғұлы Бердімұхамедов сайлауда 97,69 пайыз дауыс жинаған. Айта кетейік, президент сайлауына 8 үміткер қатысқан.
Заң бойынша, Түрікменстан президенттіне үміткер дауыс берушілердің жартысынан көп дауыс жинау керек.
Сондай-ақ, 2016 жылдың 14 қыркүйегінде қабылданған Түрікменстанның жаңа Конституциясына сәйкес, президенттік өкілеттіктің 5 жылдан 7 жылға дейін ұзартылғаны және президент болу үшін 70 жасқа дейінгі шектеудің алынып тасталғаны айтылады.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу