Берлинде алып аквариум жарылып, көшені су басты

Берлинде алып аквариум жарылып, көшені су басты

Берлинде Dom Aquarée қонақүйінде алып аквариум жарылып, жақын маңдағы көшені су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Morgenpost басылымына сілтеме жасап.

Берлинде Dom Aquarée қонақүйінде алып аквариум жарылып, жақын маңдағы көшені су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Morgenpost басылымына сілтеме жасап.

Құтқарушыларға қонақүйдегі төтенше жағдай туралы қоңырау 06:00 шамасында түскен. 16 метрлік аквариумнан аққан су дәмхананы басып, үстел мен орындықтарды сыртқа шығарып жіберген.

Реклама
Реклама

Неміс БАҚ мәліметінше, жақын маңдағы Карл-Либкнехт-Штрасседе судың көптігі сонша, көлік қозғалысын жабуға тура келген. Зардап шеккендер болуы мүмкін.

Аквариумның неліктен жарылғаны әзірге белгісіз. Басылымның мәліметінше, оның қатты зақымдалғаны сонша, оны жөндеу мүмкін емес.

Оқиға орнында 100-ге жуық жедел жәрдем қызметкері жұмыс істейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама