Берлинде "ковид-диссиденттер" митинг өткізді

© Reuters

Берлинде коронавирус таралуының алдын алуға байланысты енгізілген шараларға қарсы ковид-диссиденттердің наразылық акциясы өтті, - деп хабарлайды Euronews.

Берлинде коронавирус таралуының алдын алуға байланысты енгізілген шараларға қарсы ковид-диссиденттердің наразылық акциясы өтті, - деп хабарлайды Euronews.

Телеарна мәліметінше, полиция манифестанттарды қуу үшін суатқыш пайдаланды. Тәртіп сақшыларының айтқанына қарамастан, жиналғандар маска тағып, қауіпсіз қашықтықты сақтаудан бас тартты. Наразылық білдірушілердің кейбірі полицейлерге тұтанған петарда лақтырды.

Кейбір дерекке қарағанда, акцияға бес мыңнан он мыңға дейін адам қатысқан. 300-ден аса манифестанттың ұсталғаны хабарланды. 

Реклама
Реклама

Германияда наразылық акциясы бундестагтағы эпидемияға қарсы шараларды енгізуді заңдастыру туралы заң жобасына қатысты дебаттан кейін шыққан. 

Алайда әлеуметтік сауалнаманың деректеріне қарағанда, шектеу шараларын ГФР тұрғындарының көпшілігі қолдайды. Оған келіспейтіндер билікті "конституцияны бұзды" деп айыптап, наразылық акциясын ұйымдастырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама