17 қазан 2021 09:45

Берлинде заңсыз басып алынған үйді көшіруде полиция қызметкерлері жараланды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
©РИА Новости

Берлин орталығындағы ескі нысанды көшіру кезінде құқық қорғау органының 46 қызметкері жарақат алды. Бұл туралы Берлин полициясының хабарламасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Берлин орталығындағы ескі нысанды көшіру кезінде құқық қорғау органының 46 қызметкері жарақат алды. Бұл туралы Берлин полициясының хабарламасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Копеникерштрасседе орналасқан "Кепи" кешенінің тарихы 1990 жылы Берлин қабырғасы құлағаннан кейін, Батыс Берлиннің солшыл белсенділері ғимарат пен оның ауласын басып алған кезден басталады. Бұл аумақта кемінде 46 белсенді тұрған.

Реклама
Реклама

Көшіру жұмада басталып, оған 3 мың полиция қызметкері қатысқан. Кешке қарай көшеге бес мыңнан астам ғимаратты қорғаушылар шығып, полицияға тас пен бөтелке лақтыра бастаған.

Оларға қарсы көзден жас ағызатын газ қолданылып, нәтижесінде 76 адам ұсталған.

Осындай нысандар - әртүрлі субмәдениет өкілдері басып алған бос немесе аяқталмаған ғимараттар, олар тегін тұрғын үйге айналады. Берлин қабырғасы құлап, тұрғындар батысқа кеткендіктен, шығыс бөлікте көптеген тастанды үйлер қалған. Бұл ғимараттарды солшыл белсенділер басып алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram