Берлинде жазасын өтеуші абақтыдан қашып, кейін қайтып оралған

© РИА Новости/Владимир Песня

Берлиндік "Тегель" т?рмесінде кісі ?лтіргені ?шін жазасын ?теуші аба?тыдан ?ашып, алайда кейін орнына ?айтып орал?ан, - деп хабарлайды Bild.

Берлиндік "Тегель" түрмесінде кісі өлтіргені үшін жазасын өтеуші абақтыдан қашып, алайда кейін орнына қайтып оралған, - деп хабарлайды Bild.

Адам өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан ер адам арнайы әлеуметтік терапия қабылдап жатқан. Жұмыс уақыты кезінде ол жазасын өтеп жатқан жерден кетіп, қайтадан келіп жүрген. 6 қаңтарда ол түрмеге қайтып келуі тиіс болған, алайда ол қамқоршысына келмейтіні жайлы SMS-хабарлама жіберген. Қамқоршы бір сағаттан аса уақыт күтіп, ер адамның келмеуіне байланысты полицейлерге хабарлаған. 

L!FE мәліметінше, құқық қорғау органдарының көмегі қажет болмаған: жазасын өтеуші 7 қаңтарда шамамен түскі уақытта түрмеге қайтып келген. Бостандықта жүрген бір тәулік ішінде оның не істегені белгісіз. Құқық қорғау органдары қызметі оның бұл әрекетін қашу деп бағаламаған.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама