Бетперде киген екі адам мектепте сегіз бала мен мұғалімді пышақтаған

Бетперде киген екі адам мектепте сегіз бала мен мұғалімді пышақтаған

Ресейдің Пермь өлкесінде екі адам мектепке шабуылдап, салдарынан сегіз оқушы мен мұғалім пышақ жарақатын алған, - деп хабарлайды РИА Новости Пермь өлкелік Аймақтық қауіпсіздік министрлігінің баспасөз қызметшісіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, оқиға орнына Пермь өлкесінің губернаторы Максим Решетников пен Аймақтық қауіпсіздік министрлігінің қызметкерлері аттанған. 


Фото: vk.com/Вотинов Андрей

Жарнама
Жарнама

Оқиға №127 мектепте жергілікті уақыт бойынша сағат 10.19-да болған. 

"Екі қылмыскер бетперде киіп, мұғалім мен оқушыларға шабуыл жасаған. Қарулы шабуылдың салдарынан тоғыз адам зардап шекті: бір мұғалім мен сегіз оқушы", - деді ол.

Оқиға орнында жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама