ПОДЕЛИТЬСЯ
31 қаңтар 2022 | 09:29
Бейжің Олимпиада қарсаңында COVID-19 жұқтыру дерегі көбейгенін хабарлады
Бейжіңде қысқы Олимпиада басталар алдында соңғы 18 ай ішінде коронавирус жұқтырғандардың ең көп саны тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бейжіңде қысқы Олимпиада басталар алдында соңғы 18 ай ішінде коронавирус жұқтырғандардың ең көп саны тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Ел астанасында тағы 20 жағдай тіркелгеннен кейін шенеуніктер кейбір жергілікті аймақтардың карантинге жабылатынын хабарлады. Бейжің тұрғындары сынақтан өтуі керек. Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының (NHC) мәліметінше, Бейжіңде табылған жаңа жағдайлардың жалпы саны қаладағы 2020 жылдың маусымынан бергі ең жоғары көрсеткіш болды.
©REUTERS
Олимпиада ұйымдастырушылары 34 қызметкер мен спортшылардың ауру жұқтырғанын хабарлады. Олардың 13-і спортшылар немесе команданың лауазымды тұлғалары, делінген ұйымдастыру комитетінің мәлімдемесінде. Ұйымдастырушылар бұл адамдарда коронавирус Бейжің әуежайындағы тексеріс кезінде анықталғанын айтты.
©REUTERS
©REUTERS
Айта кетейік, 2022 жылғы Олимпиадаға келген қазақстандық делегация мүшелерінің арасында COVID-19 инфекциясын жұқтыру жағдайлары анықталған жоқ.
Бұған дейін Бейжің 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары кезінде коронавирустың таралуына қарсы қатаң шаралар қабылдаған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также