ПОДЕЛИТЬСЯ
21 тамыз 2020 | 17:04
Бейжің тұрғындарына маскасыз жүруге рұқсат етілді
Бейжіңдегі Денсаулық сақтау органдары ашық жерлерде маска тағу туралы талапты алып тастады, - деп хабарлайды Reuters.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бейжіңдегі Денсаулық сақтау органдары ашық жерлерде маска тағу туралы талапты алып тастады, - деп хабарлайды Reuters.
Карантин режимінің жеңілдеуіне байланысты Бейжің тұрғындарына маскасыз жүруіне рұқсат етілді. Қала бойынша екі апта бойы COVID-19-дың жаңа жағдайлары тіркелмеген.
Алайда жаңа қаулыға қарамастан қауіпсіздігі үшін қорыққан көптеген қала тұрғыны қорғаныш құралдарын тағуды жалғастырған.
"Мен масканы кез келген уақытта шеше аламын, бірақ ең алдымен оған басқа адамдар қалай қарайтынын түсінуім керек. Себебі тұрғындар көптеген адам маскасыз жүргенін көрсе қорқып қалады деп ойлаймын", - дейді 24 жастағы Бейжің тұрғыны.
Алғаш тұрғындардың маскасыз жүруіне сәуірдің аяғында рұқсат етілген, алайда науқастардың саны күрт ұлғайып, маусымда карантин шаралары қатаңдатылған. Агенттік мәліметінше, екі рет карантин режимі енгізіліп, аяқталғаннан кейін Бейжің тұрғындары қалыпты өмірге келген.
Қытайдың құрлықтық бөлігінде, сондай-ақ ел астанасында, Синьцзян және басқа да аудандарда соңғы бес күнде коронавирусқа байланысты жаңа жағдайлар анықталмаған.
Сарапшылардың сөзінше, Қытайдың коронавируспен күресте жеңіске жетуіне жергілікті тұрғындардың ережені қатаң сақтауы, маска тағу режимі, үй карантині мен жаппай тесттен өтуі себеп болған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также