ПОДЕЛИТЬСЯ
13 маусым 2022 | 08:09
Бейжіңде COVID-19 жұқтырғандар саны көбейіп жатыр
ҚХР үкіметі ұзақ уақыттан кейін алғаш рет коронавирустың жаңа жағдайын тіркеді, - деп хабарлайды Reuters.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚХР үкіметі ұзақ уақыттан кейін алғаш рет коронавирустың жаңа жағдайын тіркеді, - деп хабарлайды Reuters.
Бұл туралы жергілікті билік өкілі Сюй Хэцзянь баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оный айтуынша, Бейжіңдегі түнгі барлардың бірінде анықталған кластерлік індет тез таралу сатысында, ал Қытай мегаполисінде індеттің екінші рет өршу қаупі жоғары болып отыр. Бейсенбіден бері қалалық түнгі барға байланысты 115 COVID-19 оқиғасы тіркелген.
3.5 миллион халық тұратын қаланың ең көп шоғырланған Чаоян аймағындағы түнгі барда коронавирус жұқтыру жағдайлары көптеп анықталатыны күтіліп отыр.
"Чаоян ауданындағы барда пайда болған коронавирустың бұл түрін Синфади базарынан шыққан бұған дейінгіге қарағанда бақылау және алдын алу қиын", - деді Хэцзян.
COVID-19 індетіне байланысты Бейжің билігі 13 маусымнан бастап мектептерде сабақты оффлайн режимге ауыстыруды шешті. Жаңа ережеге сәйкес, қала мектептеріндегі бастауыш және орта мектеп оқушылары қашықтан білім алуды жалғастырады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также