ПОДЕЛИТЬСЯ
02 ақпан 2022 | 11:57
Бейжіңде қысқы Олимпиаданың алау эстафетасы басталды
Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындарының алау эстафетасы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындарының алау эстафетасы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттік мәліметінше, Қытай вице-премьері Хань Чжэн "зонг" деп аталатын дәстүрлі ыдысқа қазаннан алауды жағып, оны Қытайдың қысқы спорт түрінен бірінші әлем чемпионы атанған 80 жастағы Луо Чжихуанға берді.
Салтанатты шара Қытай астанасының солтүстігіндегі Олимпиада саябағында өтті. Эстафета жергілікті уақыт бойынша сағат 09.16-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 07.16) басталды.
Эстафетаға 1000-нан астам алаугер қатысады және ол үш күнге созылады. Үш күн ішінде алау Янцин мен Чжанцзякоуға, Ұлы Қытай қорғанына және Жазғы сарайға барады. 4 ақпанда кешке оны Олимпиада саябағында өтетін ойындардың ашылу салтанатына қайта жеткізеді.
Қытайлық баскетболшы және олимпиадашы Яо Минг бағдар бойынша алауды бірінші болып алып жүреді. Ұйымдастырушылар COVID-19-ға байланысты эстафетаны үш күнге қысқарту туралы шешім қабылдағаны түсіндірілді. Эстафета Олимпиада алауын тапсыруға амфибия және су астындағы роботтардың да қатысуымен есте қалады.
Бейжіңде 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында, ал қысқы Паралимпиада ойындары 4-13 наурыз аралығында өтеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также