ПОДЕЛИТЬСЯ
13 маусым 2020 | 12:12
Бейжіңнің оңтүстігінде коронавирус салдарынан әскери жағдай режимі енгізілді
Қытай астанасы Бейжіңнің оңтүстігіндегі Фэнтай ауданында орналасқан көтерме базарда COVID-19 тараған. Салдарынан ауданда әскери жағдай режимі енгізілді, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қытай астанасы Бейжіңнің оңтүстігіндегі Фэнтай ауданында орналасқан көтерме базарда COVID-19 тараған. Салдарынан ауданда әскери жағдай режимі енгізілді, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Фэнтай ауданында әскери жағдай режимі енгізілді, шұғыл штаб құрылды", - деді аудандық партком басшысының орынбасары Чу Цзюньвэй баспасөз конференциясында.
Ол ауданда бақылауды күшейтіп, диагностикалық процесс пен барлық деңгейдегі медициналық мекемелерде емдеуді стандарттау керегін атап өтті.
"Базарға жақын орналасқан үш бастауыш мектеп мен үш балабақшаны қайта жабу керек. Ал жұмысы әлі қайта басталмаған оқу мекемелерін тағы да кейінге шегере тұру керек" - деді Чу Цзюньвэй.
Базардың айналасында орналасқан 11 тұрғын үй кешенінде қатаң бақылау күшейтілді.
Фэнтай ауданында орналасқан "Синьфади" ірі көтерме базары сенбі күні уақытша жабылды. Себебі эпидемиологиялық тергеу кезінде арқан балықты тураған тақташадан коронавирус анықталған. Базар басшылығы барлық қызметкеріне COVID-19 анықтайтын тестілеу жүргізеді. Бұл базарда шамамен 10 мыңға жуық адам жұмыс істейді.
Еске салайық, соңғы екі айда Бейжіңде алғаш рет бейсенбі күні COVID-19 жұқтырған 52 жастағы ер адамның қайтыс болғаны анықталды. Ол соңғы кезде астанадан ешқайда шықпаған, алайда "Синьфади" базарына барған. Жұма күні билік Қытай ет өнімдерін зерттеу орталығында істейтін және Фэнтай ауданында тұратын екі ер адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлады. Оның біреуі соңғы екі аптада Циндао қаласына барған, екіншісі ешқайда шықпаған. Осы екі адамнан коронавирус анықталғаннан кейін билік эпидемиологиялық тексеруді бастап кетті.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также