ПОДЕЛИТЬСЯ
03 сәуір 2023 | 14:08
Бейкөз шыны және хрусталь мұражайы
Түркияның Мәдениет және туризм министрлігінің шақыруымен, Түркияның Қазақстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен бір топ БАҚ өкілдері Ыстамбұл және Бұрса қалаларында сапарда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркияның Мәдениет және туризм министрлігінің шақыруымен, Түркияның Қазақстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен бір топ БАҚ өкілдері Ыстамбұл және Бұрса қалаларында сапарда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Түркиядағы Рамазан айының тойлану дәстүрін, туризмін, түрік-осман мәдениеті мен ежелгі тағамдарын насихаттау мақсатындағы сапар Ыстамбұлдың тарихи, діни және туристік жерлерін аралаумен басталды.
Айта кетейік, Түркияға шақырылғандар қатарында Қазақстанмен қатар Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстанның БАҚ өкілдері бар.
Ыстамбұлдағы сапардың екінші күні Бейкөз шыны және хрусталь мұражайын және оның жанындағы қолөнер орталығын аралаудан басталды.
Ибрагим пашаның бастамасымен салынған ғимаратты Ұлттық сарайлар әкімшілігі қалпына келтіріп, мұражайға айналдырған. Бейкөз шыны және хрусталь мұражайы түрік шыны өнерінің даму кезеңдерін көрсетеді. Мұражайда түрік шыны ыдыстарынан бөлек, Осман империясы сарайлары үшін арнайы Еуропада өндірілген бірегей өнер туындыларының топтамасы бар.
12 тақырыптық бөлімде шыны өнерінің 1480 үлгісі қойылған. Келушілер түрік шыны өнері мен еуропалық шыны өнерінің 13-20 ғасырлардағы тарихи туындыларына куә болады.
Мұражай жалпы ауданы шамамен 360 гектар болатын кең орман аймағында орналасқан. Мұнда экзотикалық өсімдіктер мен 117 түрлі ағаш отырғызылған бақ бар. Жергілікті халық бұл жерді ботаникалық мұражай ретінде біледі.
Бейкоз шыны және хрусталь мұражайы отбасымен келуге ынғайлы орындардың бірі. Мұражай өзінің бай коллекциясымен қатар, ғимарат ішінде кітапханасы, мейрамханасы, шеберханасы, ботаникалық саябағы және шағын хайуанаттар бағы бар әлемдегі санаулы мұражайлардың бірі.
Мұражайда шыныдан түрлі кәдесыйлар жасайтын дәстүрлі қолөнер орталығы да бар. Бұл шеберхананың 40 жылдан астам тарихы бар, қазіргі қолөнершілер 3-ші буын. Мұнда келушілер шыны ыдыстарды сатып алып қана қоймай, оны жасап көру мүмкіндігіне ие болады. Орталық шеберлері экскурсияға қатысушыларға шеберлік сабағын өткізеді, журналистер де шыныдан түрлі әшекей бұйымдар жасап, өздеріне естелік ретінде қалдырды.
Бейкоз әйнек және хрусталь мұражайы кітапханасы, керемет дәм ұсынатын асханасы, кәдесыйлар дүкені, табиғи материалдардан жасалған ойын алаңдары, балалардың қауіпсіз уақыт өткізуіне мүмкіндік беретін, әсіресе балалы отбасыларға арналған ең жақсы мұражайлардың бірі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также