10 тамыз 2020 14:01

Бейрутқа 36 ел көмек жібереді

Фото ©REUTERS

36 елдің басшылары - Бейрутқа көмек көрсету туралы видеоконференцияның қатысушылары қаланы қалпына келтіру үшін 300 миллион долларға жуық ақша бөлуге келісті, - деп хабарлайды Reuters.

ПОДЕЛИТЬСЯ

36 елдің басшылары - Бейрутқа көмек көрсету туралы видеоконференцияның қатысушылары қаланы қалпына келтіру үшін 300 миллион долларға жуық ақша бөлуге келісті, - деп хабарлайды Reuters.

Конференцияны Франция президенті Эммануэль Макрон және БҰҰ көшбасшылары бірлесіп ұйымдастырды. Олар ақшаны " халыққа тікелей жеткізгісі" келгендіктен, қаржыны Ливан Үкіметіне емес, БҰҰ ұйымдары арқылы жөнелту туралы шешім қабылдады.

Реклама
Реклама

Бейрутқа Еуропалық комиссия 74 миллион доллар, Франция мен Катар 50 миллион доллардан жібереді.

АҚШ президенті Дональд Трам медикаменттер, азық-түлік, суды қосымша ұшақ арқылы жөнелтетінін және Ливанға көп көмек көрсететінін айтты.

Ливандағы наразылық кезінде екі министр отставкаға кетті

Еске салайық, Бейрут портының ауданында 4 тамыз күні кешке жойқын жарылыс болды. Қала губернаторының айтуынша, қаладағы ғимараттардың жартысы зардап шеккен және ауруханалар зардап шеккен адамдарға толған. Жойқын жарылыс кезінде Қазақстан консулы зардап шекті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram