29 маусым 2021 | 10:10

Бейрутта ресейлік басылымның журналисі соққыға жығылды

Камила Долаева Журналист

Ресейлік Sputnik агенттігінің Бейруттағы тілшісі Абед Әл-Бай палестиналық "Фатх" қозғалысының жақтастары мен қарсыластарының акциясында соққыға жығылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейлік Sputnik агенттігінің Бейруттағы тілшісі Абед Әл-Бай палестиналық "Фатх" қозғалысының жақтастары мен қарсыластарының акциясында соққыға жығылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

Журналист Палестина елшілігінде Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббасаидің жақтастары мен оппоненттерінің наразылық акциясын түсіріп жүрген. Олар митингіге белсенді Низар Баннаттың өліміне наразылық білдіруге шыққан. Бұған дейін белсендіні Бейрутта Палестина қауіпсіздік қызметтері ұстап әкеткен.

Тілші оқиғаны видеода түсіре бастағанда бір топ адам шабуыл жасаған. Артынан "Кімге түсіріп тұрсың?" деген дауыстар естілген. 

Реклама
Реклама

"Шабуылдаушылар камераны тартып алуға тырысты, мен оны өзіммен жаптым, сөйтіп басым мен денеме соққылар тие бастады. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Көзім мен қолым зақымдалды", - деді Әл-Бай.

Тілші түсірілім басталар алдында "Фатх" қозғалысының өкілімен сөйлескенін және не болып жатқанын түсіргісі келетінін хабарлағанын және ешкім қарсы болмағанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная