ПОДЕЛИТЬСЯ
06 тамыз 2020 | 16:20
Бейруттағы жойқын жарылыс: кеден қызметкерлері қауіп туралы шенеуніктерді алдын ала ескерткен
Ливанның бақылау және инспекциялық тергеу органдары қала басшыларына жойқын жарылыс болуы мүмкін екенін бірнеше рет ескерткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Российская газета" басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ливанның бақылау және инспекциялық тергеу органдары қала басшыларына жойқын жарылыс болуы мүмкін екенін бірнеше рет ескерткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Российская газета" басылымына сілтеме жасап.
Ливан кеден қызметінің бас директоры Бадри Дахер LBCI телеарнасына берген сұхбатында соңғы жылдары сот органдарына 6 құжат жібергенін айтқан. Ол Бейруттағы портта химиялық материалдар сақталғанын жеткізген. Басшы бұл материалдар қалаға қауіп төндіріп тұрғанын атап өткен.
Оның айтуынша, порттағы қоймада 2 750 тонна нитрат аммонийі сақталған. Бадри Дахер олар қоймада дұрыс сақталмағанын айтады.
2013 жылы MV Rhosus жүк кемесінен алынған қауіпті химиялық материалдар қоймада сақталған. Алайда олар жойылуы немесе сатылуы керек болған.
"Біз биліктен заттарды жоюды немесе реэкспортқа шығаруды сұрадық. Бірақ бұлай болмады. Біз бұл мәселені сарапшылар мен жауапты адамдардың қарауына қалдырамыз. Олар неге мұндай жағдайдың болғанын анықтауы керек", - дейді кеден қызметінің басшысы.
Reuters агенттігі дереккөзіне сілтеме жасап, жауапты органдар порттағы қойманы соңғы рет 6 ай бұрын тексергенін хабарлады. Жауапты органның қызметкерлері химикаттарды қоймайдан басқа жерге көшірмесе, "Олар Бейрутты жарып жібереді" деп ескерткен.
Сондай-ақ, тағы бір дереккөз бірнеше шенеунік пен судья қауіпті химикаттар туралы білгенін, бірақ олар ештеңе істемегенін айтқан.
Алайда Бейрут қоймасындағы нитрат аммонийі нақты неден жарылғанын әлі белгісіз болып отыр.
Айта кетейік, 4 тамыз күні Бейрут портында жойқын жарылыс болды. Жергілікті биліктің мәліметінше, қоймадағы 2,7 мың тонна аммиак селитрасы жарылған.
Соңғы мәлімет бойынша, жарылыс салдарынан 135 тұрғын қаза тапқан, 5 мыңнан аса адам жараланып, шамамен 300 мың адам үйсіз қалған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также