ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қыркүйек 2021 | 15:37
Безос компаниясы ғарышқа жолаушылармен екінші рет ұшатынын хабарлады
Джефф Безостың Blue Origin компаниясы жолаушылармен екінші рет ғарышқа ұшатыны туралы хабарлап, экипаждың алғашқы мүшелерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Blue Origin сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Джефф Безостың Blue Origin компаниясы жолаушылармен екінші рет ғарышқа ұшатыны туралы хабарлап, экипаждың алғашқы мүшелерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Blue Origin сайтына сілтеме жасап.
New Shepard суборбиталды ғарыш кемесінің екінші рейсі 12 қазанға жоспарланған. Blue Origin алғашқы экипаж мүшелерін атады. Олардың ішінде NASA-ның бұрынғы инженері, ғарыштық спутниктерді дайындап, ұшыратын Planet Lab компаниясының негізін қалаушы Крис Бошуйзен бар.
"Бұл - менің бала кезден бергі арманым. Ең бастысы, бұл сапар студенттерді STEM мансабына ұмтылдырады және ұрпақты ғарышты зерттеуге ынталандырады деп ойлаймын. Біздің ғарыштағы болашақ өміріміз солардың қолында", - деді Бошуйзен.
Екінші экипаж мүшесі - медико-биология ғылымдары, Dassault Systèmes компаниясының денсаулық сақтау мәселесі бойынша вице-президенті Глен де Врис. Экипаждың қалған екі қатысушының аты-жөні кейін белгілі болады.
"Мен бүкіл ғұмырымда адамдардың өмірін ұзарту үшін жұмыс істедім. Ғарыш индустриясын дамытуға атсалысу - керемет мүмкіндік. Мен авиация мен ғарышқа қызықтым, сондықтан бұл сапар - мен үшін арманымның орындалуы", - деді Глен де Врис.
Ұшу Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:30-да Батыс Техастағы алаңнан жоспарланған.
Еске салайық, 20 шілдеде миллиардер Джефф Безос ағасымен бірге New Shepard зымыран-капсулалық жүйесімен ғарышқа ұшқан болатын. Бұл Blue Origin компаниясы бортында жолаушылар бар алғашқы ұшу болды.
Кейін Безос өз әсерімен бөлісіп, Blue Origin 2021 жылы тағы екі рейс жасайтынын айтты.
Бұған дейін "Жұлдызды жол" ("Стартрек") сериалдары мен фильмдерінде капитан Кирк рөлін сомдаған канадалық актер Уильям Шатнер New Shepard кемесінің екінші экипажының құрамында болатыны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также