ПОДЕЛИТЬСЯ
29 шілде 2020 | 10:08
Билл Гейтс коронавирусты анықтайтын тесттерді сынға алды
Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс АҚШ-тағы коронавирусты анықтайтын тесттерді сынға алып, талдау жүргізуге кететін уақытқа байланысты оның мәні жоқ екенін айтты. Гейтс бұл туралы CNBC телеарнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Қазір сіз тесттің нәтижесін үш күн, кейде бір аптадай күтесіз және ол үшін сізге ешкім бір доллар да төлемейді. Бұл сұмдық. Сіз басқа адамдарға инфекция жұқтырмау үшін тест нәтижесін аз уақытта алуыңыз керек", - дейді Гейтс.
Билл Гейтстің сөзінше, АҚШ-тың қазіргі тестілеу жүйесінің мағынасы жоқ - "құры уақыт жоғалту мен ақша шашу". Сондай-ақ кәсіпкер тест жағдайы төмен отбасыларға тиімді болуы керегін айтты.
Коронавирусқа қарсы вакцинаны жасауға демеушілік көрсетіп жүрген Билл Гейтс пандемия басталғалы америкалық БАҚ өкілдері арасында COVID-19 бойынша сарапшы атанған. Телеарнаға берген сұхбатында кәсіпкер жыл соңына қарай қажет препараттарды таңдау аурудан болатын өлім-жітімді азайтуға мүмкіндік беретінін айтты.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также