Бір қолымен бала көтерген бразилиялық полицей екі тонаушыны атып тастады

Видеодан кадр

Бразилияны? Кампу-Лимпу-Паулиста ?аласында орналас?ан д?ріханаларды? бірінде полицей бір ?олымен баласын к?тере т?ра, екі тонаушыны атып ?лтірген, - жазады РИА Новости Folha de Sao Paulo басылымына сілтеме жасай отырып.

Бразилияның Кампу-Лимпу-Паулиста қаласында орналасқан дәріханалардың бірінде полицей бір қолымен баласын көтере тұра, екі тонаушыны атып өлтірген, - жазады РИА Новости Folha de Sao Paulo басылымына сілтеме жасай отырып.

Басылымның мәліметінше, жергілікті полицияның сержанты әйелімен және баласымен бірге дәріханаға келген. Сол сәтте онда дәріхананы тонамақ боолған екі ер адам баса-көктеп кірген.

Полиция сержанты бірден қаруын алып, тонаушыларға оқ атқан. Кейінірек видеодағы кадрлардан ер адамның баланы әйеліне беруге жүгіріп бара жатқаны көрінеді. Тонаушылар оқиға орнында көз жұмған.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, қарақшылық пен кісі өлтіру бойынша қылмыстық істің қозғалғаны айтылады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама