Бішкекте қытайларға қарсы митинг ұйымдастырған ер адам ұсталды

Аманбол Бабақұлов

Бішкекте қытайларға азаматтық бермеуді талап етіп, ереуілді ұйымдастырды деген күдікпен Аманбол Бабақұлов ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Бішкекте қытайларға азаматтық бермеуді талап етіп, ереуілді ұйымдастырды деген күдікпен Аманбол Бабақұлов ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, қытайларға азаматтық бермеуді талап ету мақсатында жасалған ереуілдің соңында қатысушылардың барлығы тарап кеткен. Бірақ құқық қорғау органдарының өкілдеріне бағынбаған 20-ға жуық адам ұсталған.

"Первомай аудандық ІІБ өкілдері наразылық білдіргендермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ұсталғандарға қатысты хаттама толтырылды, сосын олар жіберіледі", - деп хабарлады басылымдағылар.

Реклама
Реклама

Еске салайық, кеше Бішкекте ереуілшілер қытайларға азаматтық бермеуді талап еткен болатын. Ереуілге шыққандардың басты талабы - этникалық қырғыздардан бөлек, Қытай азаматтарына Қырғызстанда азаматтық беруге мораторий жариялау. Акцияны ұйымдастырушы "Кырк чоро" көшбасшысы Аманбол Бабақұлов ереуілді ресми түрде әнұранмен бастаған еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама