Биыл 1,4 миллион бала аштықтан өледі - ЮНИСЕФ

© reddbarna.no

К?мек к?рсетілмесе, Нигерияда, О?т?стік Суданда ж?не Йеменде 1,4 бала ашты?тан ?луі м?мкін, - деп хабарлайды "Радио ООН" басылымы. М?ндай м?ліметті Б?? Балалар ?оры (ЮНИСЕФ) келтіріп отыр. Б?л ма?сатта ?йым 225 миллион доллар с?ратып отыр.

Көмек көрсетілмесе, Нигерияда, Оңтүстік Суданда және Йеменде 1,4 бала аштықтан өлуі мүмкін, - деп хабарлайды "Радио ООН" басылымы. Мұндай мәліметті БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) келтіріп отыр. Бұл мақсатта ұйым 225 миллион доллар сұратып отыр.

"Таяудағы айларға қажет етіліп отырған қаржы - 2017 жылы қажет болатын жалпы соманың жартысы ғана. Жалпы 712 миллион доллар қажет - өткен жылмен салыстырғанда 50 пайызға жоғары", - дейді БҰҰ басшысының баспасөз хатшысының орынбасары Фархан Хак.

Ұйымның мәлімдемесінде аштық, құрғақшылық және қақтығыстар жайлаған елдерде миллиондаған балалардың тойып ас ішпейтіні, ауыратыны, баспанасының жоқтығы, мектепке бармайтыны айтылады. ЮНИСЕФ өткен жылдардан сабақ алуға шақырады: мәселен 2011 жылы Сомалиді аштық ресми түрде жарияланғанда көптеген бала қаза тапқан. Балалар қорының өкілдерінің айтуынша, халықаралық қауымдастық мұндай жағдайдың алдын алуы тиіс. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама