ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 28 қыркүйек 2015 00:35
Биыл Сирия мен Иракқа соғысу үшін шетелден барғандардың саны екі есеге көбейген
2011 жылдан бастап Сирия мен Иракқа қарулы қақтығыстарға лаңкестердің жағында қатысу шетелден үшін барғандардың саны 30 мыңнан асқан. Олар әлемнің 100-ден аса елінен, оның ішінде Еуропадан және АҚШ-тан барыпты. Бұл туралы The New York Times порталы америкалық арнайы қызметтердің қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады. Олардың көпшілігі ДАИШ жағында соғысып жатыр екен.
Сол дереккөздерге сілтеме жасаған басылымның мәліметінше, 2014 жылы шетелден осы аталған елдерге барғандардың саны екі есе аз болған. Сол жылы Сирия мен Иракқа радикалдардың жағында соғысу үшін барғандардың саны шамамен 15 мыңға жеткен. Олардың әлемнің 80 елінен барғаны айтылады.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу