Блинкен мен Зеленский Донбасстағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу туралы пікір білдірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Украина президенті Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесіп, Донбасстағы қақтығысты дипломатиялық жолмен шешу қажет екенін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

АҚШ мемлекеттік департаментінің мәліметінше, Блинкен Вашингтонның "Ресей агрессиясына" қарсы Украина егемендігін "қолдайтынын" растады.

"Олар Донбасстағы қақтығысты бейбіт, дипломатиялық жолмен шешу және Украин егемендігін оның халықаралық мойындалған шекараларында, соның ішінде Қырымда толық қалпына келтіру туралы келісті", - деп хабарланды мемлекеттік департаментте.

Реклама
Реклама

Президент Джо Байденнің Ресей президенті Владимир Путинмен әңгімесі аясында Блинкен америкалық тараптың "Украина тұтастығын" қорғауға дайын екенін тағы бір рет еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама