Блогер апатқа ұшыраған ұшақ бортынан тікелей эфирге шықты

Блогер апатқа ұшыраған ұшақ бортынан тікелей эфирге шықты Видеодан алынған кадр

Америкалы? блогер Марти Мартинез апат?а ?шыра?ан ?ша? бортынан Facebook ар?ылы тікелей эфирге шы?ты.

Америкалық блогер Марти Мартинез апатқа ұшыраған ұшақ бортынан Facebook арқылы тікелей эфирге шықты.

Видеодағы кадрлардан блогердің терезе жақта оттегімен демалу маскасын киіп отырғаны көрінеді.

"Ұшақ апатқа ұшырайын деп жатыр! Біз төмен түсіп жатырмыз! Апатты жағдайда қонайын деп жатырмыз! Southwest әуе компаниясының Нью-Йорк- Даллас рейсі", - деп жазды блогер.

Реклама
Реклама

Кейінірек ол ұшақтың қозғалтқышы жарылып кеткенін жазды. Нәтижесінде жолаушылардың бірі қаза болған.

РИА Новости мәліметінше, бұл оқиға Southwest Airlines әуе компаниясының 1380 нөмірлі рейсімен болған. Boeing 737-700 бортында 143 жолаушы мен экипаждың 5 мүшесі болғаны анықталды. Ұшақ Филадельфияға шұғыл түрде қонуға мәжбүр болған. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама