ПОДЕЛИТЬСЯ
26 мамыр 2021 | 16:20
Блогерлерге Pfizer вакцинасы туралы жалған ақпарат үшін ақы төлеу ұсынылған - БАҚ
Германия және Франция блогерлеріне Pfizer/BioNTech вакцинасы туралы жалған ақпарат таратқаны үшін ақы төлеу ұсынылған, - деп хабарлайды Daily Mail.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Германия және Франция блогерлеріне Pfizer/BioNTech вакцинасы туралы жалған ақпарат таратқаны үшін ақы төлеу ұсынылған, - деп хабарлайды Daily Mail.
Басылым мәліметі бойынша, әлеуметтік желілерде миллиондаған оқырманы бар француз және неміс блогерлеріне PR агенттік Pfizer/BioNTech вакцинасынан кейін жүздеген науқас қайтыс болғаны туралы ақпарат таратуды ұсынған.
Сонымен қатыр, агенттік өкілдері ғылым мен денсаулық саласына маманданған бірнеше блогерлермен байланысып, "Pfizer вакцинасын алған адамдардың өлім-жітімі AstraZeneca вакцинасы егілген адамдарға қарағанда үш есе жоғары" екенін айтуды сұраған.
Блогерлерден le Monde басылымы сайтына сілтеме жасау сұралған. Сондай-ақ, Reddit және Ethical Hacker порталдарына вакцинациядан кейінгі өлім туралы мәліметтерді растайтын ақпарат беруді сұрағаны айтылады.
Осылайша танымал француз блогері Лео Грасс Twitter-де Fazze электрон поштасынан келген хаттардың скриншотын жариялады. Ол тапсырыс берген компания қомақты қаржы ұсынғанын және атын атаудан бас тартқанын айтты.
Неміс блогері Мирко Дрочман да осындай ұсыныс көрсетілген хабарлама көшірмесін жариялады.
"Мен бұл бастама қайдан шыққанын білмеймін - Франциядан немесе шетелден. Бірақ бұл қауіпті және жауапсыздық", - деді Франция денсаулық сақтау министрі Оливье Веран.
LinkedIn әлеуметтік желісіндегі деректерге сілтеме жасай отырып, шетелдік БАҚ Fazze агенттігінің басшылығы Мәскеуден шыққан және ол ресейлік кәсіпкер Владимир Башкин негізін қалаған Adnow International холдингі құрамына кіреді деп жазады.
Өз кезегінде француз бұқаралық ақпарат құралдары Fazze-дің мақсаты мен Twitter әлеуметтік желісінде жарияланған "Спутник V" вакцинасы туралы мәліметтің ұқсастығына назар аударған. Онда "Спутник V" және AstraZeneca сияқты векторлық вакциналар мРНҚ вакциналарына қарағанда "қауіпсіз және тиімді" екені жазылған.
Fazze Лондондағы 5 Percy Street мекенжайы ретінде көрсеткенімен ол жерде тіркелмеген. 25 мамырда агенттік өз сайтын жауып, Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтын жеке парақшаға ауыстырған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также