19 қаңтар 2020 13:01

Boeing ұшағының жәшіктері Украинаға берілетін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иран тарапы Тегеранда апатқа ұшыраған Boeing ұшағының қара жәшіктерін Украинаға жіберетін болды, деп хабарлайды Хабар 24.


Иран тарапы Тегеранда апатқа ұшыраған Boeing ұшағының қара жәшіктерін Украинаға жіберетін болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Жазбаларды оқуға Франция, Канада, АҚШ мамандары көмектеседі. Бұл туралы осы елдің Азматтық авиация ұйымының төрағасы мәлімдеді. Егер Украинада жазбаларды оқу мүмкін болмаса, олар Францияға жөнелтіледі. Бірақ Иран өкілдері бұл іске қатыспайтынын айтты.

Айта кетейік, 8 қаңтарда Иранда қайғылы оқиға болды: Тегеран әуежайына жақын маңда украиналық ұшақ құлады. Төтенше жағдай салдарынан 167 жолаушы мен экипаждың тоғыз мүшесі қаза тапты. Ұшақ бортында Ауғанстан, Германия, Иран, Канада, Украина, Ұлыбритания және Швеция азаматтары болған.

Апатқа ұшыраған украиналық лайнерге екі соққы жасалған - Видео

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети