"Боинг" экипажында қазақстандық азамат болуы мүмкін - БАҚ

© Vesti.ru

Апатқа ұшыраған "Боинг" ұшағындағы экипаж мүшесінің бірі қазақстандық азамат болуы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, ұшақтың командирі Грекия азаматы болған. Сонымен қатар, экипажға Испанияның екі азаматы, Ресейдің, Қазақстанның, Колумбияның және Сейшель аралдарының бір-бір азаматтары мүше болыпты. "Командир - грек, екі испан, бір ресейлік, Сейшель аралдарының және Колумбия мен Қазақстанның азаматтары болды", - деді жедел қызмет өілі.

Дегенмен ҚР СІМ бұл ақпаратты әзірше растаған жоқ. "Біз қазір бұл мәліметті тексеріп жатырмыз. Оқиғаның мән-жайын толығырақ хабарлаймыз", - деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.

Реклама
Реклама

Еске салайық, әуе апаты бүгін, Астана уақыты бойынша 19 наурызда сағат 6.50-де Ростов-на-Дону әуежайында болды. Дубайдан келе жатқан "Боинг-737-800" ұшып-қону жолағынан 100 метр жерге құлап, бөлініп кеткен де, кейін өртенген. Ұшақ бортында төрт баланың болғаны анықталды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама