04 қаңтар 2019 | 09:56

Болгарияда жаңа BMW автомобильдері сақталған ескі қойма табылды

Болгарияның Благоевград қаласында ескі қоймадан 1990 жылы шығарылған бесінші сериялы 11 BMW автокөлігі табылды, - деп хабарлайды "Российская газета".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Болгарияның Благоевград қаласында ескі қоймадан 1990 жылы шығарылған бесінші сериялы 11 BMW автокөлігі табылды, - деп хабарлайды "Российская газета".

Ғимаратта 10 седан және бір универсал көлік болған. Барлығы да мүлде жүрмеген: автомобильдердің кейбір бөлігі әлі де зауыттағы жабындымен жабылған. Көліктердің сыртқы бөлігінде бүлінген жерлері бар. Себебі автомобильдер дұрыс сақталмаған. Суреттер Facebook желісінде жарияланды

Реклама
Реклама

Болгариялық БАҚ мәліметінше, автокөліктерді Болгарияда тұңғыш көліктерді жалға беру үшін сатып алынған, алайда белгісіз себептермен неміс автокөліктері мүлде гараждан шықпаған. 

11 BMW автокөлігі бәссаудаға қойылады. Бастапқы баға - 15 000 еуро. Табылған көліктер Euro 3 экостандартына жатуы мүмкін, сол себепті бұл көлікті сатып алған адам, салық төлеу кезінде шығынға ұшырайтыны сөзсіз. Осы орайда мамандар мұндай ескі көліктерді Германияда немесе басқа да елдерде тіркеуге кеңес береді, себебі ол елдерде раритет автокөліктерге салық аса қымбат емес. 


© facebook.com


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная