ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қараша 2021 | 09:28
Босқындар Беларусь-Польша шекарасында тағы бір лагерь ашты
Польша шекарашылары Беларусьтен келген босқындар Брузги шекара бекетінде тағы бір лагерь ашқанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Польша шекарашылары Беларусьтен келген босқындар Брузги шекара бекетінде тағы бір лагерь ашқанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы ақпарат Польша шекара қызметінің Twitter желісінде жарияланды.
"Беларусь жақтан бір топ шетелдіктер Брузги шекарасынан өтуге әрекет жасап жатыр, бұл жаңа лагерь. Ескі лагерьде әлі де адамдар бар. Жалпы, осы маңда мыңға жуық шетелдік бар, қалғанын Беларусь қызметтері алып кетті", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Беларусьтің Польша, Литва және Латвиямен шекарасындағы миграциялық дағдарыс соңғы бірнеше аптада күрт ушығып кетті. Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының (БҰҰ БЖКБ) өтінішіне қарамастан, поляк әскерилері көрші Беларусьтен Польшаға кіретін Таяу Шығыс пен Ауғанстаннан заңсыз мигранттармен күресу үшін тікенек сымдар орнатуға шешім қабылдады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также