17 қараша 2021 | 14:25

Босқындармен қақтығыста поляктың тоғыз полицейі жараланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Польша шекарасында босқындармен болған қақтығыс кезінде тоғыз полиция қызметкері жараланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Польша шекарасында босқындармен болған қақтығыс кезінде тоғыз полиция қызметкері жараланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Польша полициясы Twitter парақшасында хабарлады.

Реклама
Реклама

"Кузницадағы шекара бекетінде босқындармен болған қақтығыстан тоғыз полиция қызметкері зардап шекті. Сондай-ақ офицерлердің құрал-жабдықтары, оның ішінде қалқандары, дулығалары мен аяқ-қолдарын қорғау құралдары зақымданды", - делінген хабарламада.

Польша полициясының хабарлауынша, беларусь тарапының шабыттандырған шабуыл салдарынан полиция қызметкерлерінің бірі ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Оның бас сүйектері сынған деген болжам бар.

Бұдан бөлек, бір полицей бас-ми жарақатын, тағы бес тәртіп сақшысы қолы мен аяғынан жарақат алған. Қалған күзетшілер дәл сол кезде ауруларын сезбей шекарадан шыққан соң алған жарақаттарының зардабын сезінді. Бұған босқындардың тас және басқа да ауыр заттарды лақтыруы себеп болған.

Осы уақытта поляк қызметкерлеріне жасалған шабуылдан кейін мигранттар бұрынғы лагерь аймағына көшті. Поляк полициясының есебі бойынша, қазіргі уақытта мұнда 2 мыңға жуық адам бар, 34 босқын ұсталып, елден шығарылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная